Жаңалықтар
Мектебімізде “Тіл – татулық тірегі” тақырыбында қызықты “Көңілді үзіліс” сұрақ-жауап іс-шарасы өтті. Оқушылар белсенді қатысып, білімдерін ортаға салды. Іс-шара барысында тілдің қоғамдағы маңызы, оның бірлік пен татулықты нығайтудағы рөлі жайында айтылды.
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Шардара АПБ-нің КҚПБ-і ЮПТ полиция майоры К.Жанықұлов полиция капитаны М.Бердалиев қатысуымен 1-4 сынып оқушылар арасында жол жүру ережелері бойынша "Абайлаңыз, балалар" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысты мектеп директорының ТЖЖО Н.Ділдабек ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселе бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі мен қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес оқушылармен кездесу өтті. Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Тасымбек Шоқан Оразбекұлы және ЖПҚБ ЮПТ полиция лейтенанты Тұрлыбеков Нұрдәулет. Аталмыш жиналыста келген қонақтарымыз жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігін түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
"Тіл- татулық тірегі" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында өткізілген мазмұнды әрі тағылымды іс-шараның бірі – Сауаттылық күні жоғары деңгейде аталып өтті.
Бүгін 5–11-сынып оқушылары бір мезетте диктант жазу жұмысына қатысып, ана тілінің байлығы мен көркемдігін, сауатты жазу мәдениетін терең түсінуге тағы бір қадам жасады.
5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өз шымылдығын түрді. Апталықтың ашылуы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келіп, білім мен руханияттың мерекесіне айналды.
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай онкүндік іс-шара жоспары құрылып бекітіліп, жоспар бойынша 5-қыркүйек күні "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Бүгін Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі мен Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Шардара АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Танабай Данияр және Шардара АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Жанықұлов Көбейсін арнайы келіп қатысты.
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2-қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 1-11 сыныптары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Бүгін 1 Қыркүйек - Білім күні қарсаңында Шардара қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепке Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева келіп, жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысымен танысып, мұғалімдерді мерекемен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен ашылды.
Шардара қаласы, Б.Соқпақбаев атындағы ЖББМ 4 "А" сынып оқушысы Мықтыбек Сабина "Жазғы демалыстың жарқын естеліктері" атты челленджімен бөлісті.
Мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстазымыз Нұржан Тасмұратұлы 1-қыркүйек – Білім күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.