Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай онкүндік іс-шара жоспары құрылып бекітіліп, жоспар бойынша 5-қыркүйек күні "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Мақсаты: Тілге деген құрметті арттыру, мәртебесін көтеру, тіл және сөз құдіретін тану, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату, үштұғырлы тілді дамыту.
Іс-шараны мектебіміздің директоры Н.Т.Сариев ашып, барша ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Өнерлі оқушылар өнер көрсетіп, мерекелік жиын жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Қ.Р Тілдер мерекесі құтты болсын!
Еліміз тыныш, тіліміз тұғырлы болсын!