Жалпы конкурс туралы хабарландыру
Шардара ауданының білім бөлімінің «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектептің спорт жөніндегі нұсқаушы лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік;
Жұмыс уақыты: сағат 0900 – 1800, түскі үзіліс 1300-1400
Лауазымдық жалақысы:
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
||
|
min |
max |
1,0 штат бірлік тұрақты |
120 000 |
140 000 |
Почталық мекен-жайы: Түркістан облысы. Шардара қаласы.
Ө.Тугелбаев көшесі № 3А
Анықтама телефоны: 8 (725) - 35- 2-19-03
Электрондық адрес:
Лауазымдық міндеттері:
1.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
2.Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес спорт жөніндегі нұсқаушы лауазымы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
3.Дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
4.Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
5.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
6.Мектепке педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
7.Ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
- Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика (Дене шынықтыру және спорт) мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
«13» 08 2025 – «19» 08 2025ж
Қажетті құжаттар:ᅠ
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Мамандық бойынша тестілеуден өткені туралы сертификат.
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
8) Соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
12) педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Сұхбаттасу күні
«20» 08 2025ж
Сұхбаттасу орны:
Шардара қаласы, Ө.Тугелбаев көшесі № 3А ғимарат
Анықтама алу үшін байланыс: 8 (725)-35 - 2-19-03
Жарияланған күні: «13» 08 2025 жыл.