Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында , Сәуір «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы шеңберінде «Шахмат-ақылдың шайқасы» тақырыбында «Өнегелі 15 минут» күн сайынғы іс-шарасы өтті.
Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Шахмат ойыны-адамның мінез-құлқын өзі басқарумен қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.
Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, химия, физика секілді пәндерге көп септігін тигізеді, әлемдегі кең таралған ойындарының бірі болып табылады.
Педагог-ұйымдастырушы З.Тилеубердиева