Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін 1 Қыркүйек - Білім күні қарсаңында Шардара қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепке Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева келіп, жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысымен танысып, мұғалімдерді мерекемен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, оқу ғимаратын аралап, заманауи оқу кабинеттерімен, музыка және информатика сыныптарымен, спорт залды көріп, үйірме жұмыстарымен танысып, оқушылардың сапалы білім алуына зор мүмкіндік екенін атап өтті.