Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Шардара АПБ-нің КҚПБ-і ЮПТ полиция майоры К.Жанықұлов полиция капитаны М.Бердалиев қатысуымен 1-4 сынып оқушылар арасында жол жүру ережелері бойынша "Абайлаңыз, балалар" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмысы барысында балаларға жаяу жүргінші жолын дұрыс пайдалану, бағдаршам белгілерін тану, жолда сақ болу туралы кеңінен ақпарат берілді.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.
Мақсаты – әр бала өз өміріне жауапты екенін түсініп, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдысын бойына сіңіру.