Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі мен Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Шардара АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Танабай Данияр және Шардара АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Жанықұлов Көбейсін арнайы келіп қатысты.

Аталған кездесуде қонақтар жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігін түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ мектеп ішіндегі тәртіп ережелері мен құқық бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын шаралар туралы айтылды.

Буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың себептері мен салдары, сондай-ақ алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға әлеуметтік желілерде қауіпсіздікті сақтау, жеке деректерді қорғау және интернеттегі этика жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Бүгінгі күннің ең қауіпті дерттерінің бірі – лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік туралы да айтылып, оқушыларды одан аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар қыз балалардың ерте жүктіліктен сақ болуы керектігі түсіндіріліп, ерте жүкті болу білім алу мүмкіндігін шектеп, қоғамнан алшақтататыны және денсаулыққа зор қауіп төндіретіні ашық айтылды.

Жиын соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Ділдабек кездесуді қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді. Ол оқушылардың алдағы уақыттағы тәлім-тәрбиесіне зор үміт артатынын, олармен достық қарым-қатынас орнатуға, жеке өміріндегі өзгерістерден хабардар болуға және қажет болған жағдайда дұрыс кеңес беріп, моральдық қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.