Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Н.Т. Сариев ашып, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Ол білім әлеміне қадам басқан 1-сынып оқушыларына сәттілік тілеп, жаңа оқу жылымен ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. Сондай-ақ 1-сынып оқушыларына арналған сыйлықтарын табыстады.

Жиынға мектептің Әкелер кеңесінің төрағасы Сахов Таңсықбай қатысып, оқушыларды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгінгі ерекше жайма-шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.

Аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ш.О. Тасымбек оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау және жол жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары тақпақтарын айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мектептің өнерпаз оқушылары ән шырқап, музыкалық сәлем жолдады.

Айтулы білім ордасында мектеп әнұранының тұсауы кесілді. Әрбір сөзі мен шумағы терең ойға толы, әуені патриоттық рух беретін әсем сазды әнді мектеп оқушылары А. Дүйсенбекұлы мен Б. Сұлтанхан мақтанышпен орындады.

Әнұранның авторы – ДТЖЖО Н.Ж. Ділдәбек.

Барша ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге жетіп, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.