Жалпы конкурс туралы хабарландыру
Шардара ауданының білім бөлімінің «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік;
Жұмыс уақыты: сағат 0900 – 1800, түскі үзіліс 1300-1400
Лауазымдық жалақысы:
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
||
|
min |
max |
1,0 штат бірлік тұрақты |
150 000 |
160 000 |
Почталық мекен-жайы: Түркістан облысы. Шардара қаласы.
Ө.Тугелбаев көшесі № 3А
Анықтама телефоны: 87752583182
Электрондық адрес:
Лауазымдық міндеттері:
1.Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2.Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
3.Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
4.Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
5.Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
6.Педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7.Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
8.Білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
9.Психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
10.Мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
11.Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
12.Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
13.Киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
14.Білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
15.Кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
16.Есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
17.Ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
18.Мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
19.Адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
20.Білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
21.Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
22.Білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
23.Туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
24.Білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
25.Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
- Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогика мамандығы бойынша, жұмыс өтілі талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби, орта (арнайы-орта) білімі бар жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
«14» 08 2025 – «22» 08 2025ж
Қажетті құжаттар:ᅠ
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Мамандық бойынша тестілеуден өткені туралы сертификат.
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
8) Соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама
9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе , педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
12) педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Сұхбаттасу күні «25» 08 2025ж
Сұхбаттасу орны: Шардара қаласы, Ө.Тугелбаев көшесі № 3А ғимарат
Анықтама алу үшін байланыс: 87752583182
Жарияланған күні: «14» 08 2025 жыл.