Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2-қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 1-11 сыныптары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
1) Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
2) Еліміздің болашағы жасөспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаттарының өтілу барысына мектеп басшысы Н. Сариев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Ділдабек қатысып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағатына оқушылар ерекше көңіл-күймен, белсенді қатысты.