Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстазымыз Нұржан Тасмұратұлы 1-қыркүйек – Білім күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат – ұстаздық жолдағы адал еңбектің, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлімді тәрбие берудегі табандылық пен жауапкершіліктің нәтижесі.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп жүрген еңбегіңіздің еленуі – барлығымыз үшін зор қуаныш.

Құрметті Нұржан Тасмұратұлы, Сізге мықты денсаулық, отбасына амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбегіңіз жана берсін!