Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

"Тіл- татулық тірегі" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында өткізілген мазмұнды әрі тағылымды іс-шараның бірі – Сауаттылық күні жоғары деңгейде аталып өтті.
Бүгін 5–11-сынып оқушылары бір мезетте диктант жазу жұмысына қатысып, ана тілінің байлығы мен көркемдігін, сауатты жазу мәдениетін терең түсінуге тағы бір қадам жасады.

Диктант мәтіндері ретінде Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының ана тілі туралы терең философиялық ойлары мен рухани ұстанымдарын негізге алған үзінділер таңдалды. Бұл – тек тілдік сауаттылықты арттыру емес, сонымен қатар оқушыларды ұлттық сананың, рухани мұраның іргетасы саналатын тұлғалардың ойымен сусындату, олардың тілге деген шынайы сүйіспеншілігін ояту мақсатын көздеді.
Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде ана тілінің елдің елдігімен, ұлттың ұлттығымен тікелей байланысты екенін дәлелдеп берді.
Сондықтан бұл күн – жай ғана диктант жазып, емле тексеру емес, ана тілінің қадір-қасиетін жүрекпен ұғынатын, сөздің рухани салмағына бойлай алатын ұрпақты тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам болды.