Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен ашылды.
Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Н.Т.Сариев ашып, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, білім әлеміне қадам басқан 1-сынып оқушыларына сәттілік тіледі, жаңа оқу жылымен ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды құттықтап, 1-сыныптар үшін дайындаған сыйлықтарын табыстады.
Жиынға мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Сахов Таңсықбай ағай қатысып, оқушыларды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.
Аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Ш.О. Тасымбек оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау, жол ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мектептің өнерпаз оқушылары ән шырқап, музыкалық сәлемін жолдады.
Айтулы білім ордасында мектеп әнұранының тұсауы кесілді. Әрбір сөзі мен шумағы терең ойға толы, әуені патриоттық рух беретін әсем сазды әнді мектеп оқушылары А.Дүйсенбекұлы мен Б. Сұлтанхан мақтанышпен шырқады.
Әнұран авторы ДТЖЖО Н.Ж.Ділдәбек.
Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.