Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өз шымылдығын түрді. Апталықтың ашылуы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келіп, білім мен руханияттың мерекесіне айналды.

Апталық барысында халқымыздың біртуар тұлғалары – Абай Құнанбайұлының–180 жылдығы, Міржақып Дулатұлының –140 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың – 190 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың – 180 жылдығы, Бауыржан Момышұлының –115 жылдығы кеңінен ұлықталып, әр тұлғаның шығармашылығы мен ерлік жолы оқушыларға терең таныстырылады.
Оқушылар мәнерлеп оқу, шығарма жазу, сахналық көрініс қою арқылы қазақ әдебиетінің алыптарын еске алып, ұлттық болмысымызды дәріптейді.
«Ұлттың ұлы тұлғалары – елдің мәңгілік шамшырағы». Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына елге, тілге, тарихқа деген сүйіспеншілік сіңеді.
Апталық аясындағы ерекше сәттер мен шығармашылық жұмыстар,ашық сабақтар алдағы күндері де жалғасын табады.