Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебімізде “Тіл – татулық тірегі” тақырыбында қызықты “Көңілді үзіліс” сұрақ-жауап іс-шарасы өтті. Оқушылар белсенді қатысып, білімдерін ортаға салды. Іс-шара барысында тілдің қоғамдағы маңызы, оның бірлік пен татулықты нығайтудағы рөлі жайында айтылды.

Ойын сұрақтары қазақ тілі және ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы төңірегінде құрылды. Оқушылар Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев сынды тұлғалар туралы сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.
Бұл іс-шара оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. “Көңілді үзіліс” арқылы оқушылар тек көңіл көтеріп қана қоймай, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артады деп сенеміз.