«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 28-қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру. Сондай-ақ, білім беру ұйымында салауатты қарым-қатынас пен мейірімді, сенімді орта құрудың маңыздылығына назар аудару.
Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның балаларға тигізетін зияны, буллингтің алдын алу жолдары және мектептегі қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттары талқыланды.
Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік мысалдар келтіріп, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде пікір алмасты. Оқушыларға өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайда кімге жүгіну керектігі жөнінде мағлұмат берілді.
Дөңгелек үстел соңында оқушылар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген ортақ ұстанымды қабылдап, бір-біріне құрмет көрсетудің маңызын атап өтті.