Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде сынып жетекшілермен бірлескен кезекті жиналысы өтті.
Жиналысты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Ділдабек пен А.Байгонырова ұйымдастырып, жүргізді.
Жиын барысында оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы, қауіпсіздік шараларын күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-анамен байланыс орнату жұмыстары сөз болды.
Сонымен қатар, сынып жетекшілерінің атқарып жатқан жұмыстары талданып, алдағы уақытта жүргізілетін тәрбие бағытындағы іс-шаралардың жоспары нақтыланды.
Сынып жетекшілерге нақты тапсырмалар беріліп, тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізу, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.