Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2025жылдың 4- наурыз күні «Жігіт сұлтаны-2025» байқауы 8-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың мақсаты
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау;
Шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
Жасөспірімдер арасында туған елінің тарихын,әдет-ғұрпын,мәдениетін дәріптеу;
Байқаудың шарттары
1 кезең «Мен қазақтың ұлымын» -Өзін-өзі таныстыру -3 мин
2 кезең «Сегіз қырлы бір сырлы» - Өнер сайысы (ән, би, күй, көрініс, монолог)
3 кезең «Білгенге маржан» Сұрақ – жауап, салт - дәстүрден қойылады, мақал - мәтелді жалғастыру.
4 кезең «Шебердің қолы ортақ»-Үй тапсырмасын қорғайды.
5 кезең «Ескірмейтін есті сөз» - Бата беру.
Бірінші орынды 9 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Бағжан қанжығасына байлады.
Байқау соңында сөз алған мектеп директоры Н.Т.Сариев оқушыларды жеңістерімен құттықтап, марапаттады.