Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы жоспарына сәйкес, «Б.Соқпақбаев жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 2025 жылдың 5 наурыз күні сағат 11.00-11.30 аралығында «Жер сілкінісі, Өрт қауіпсіздігі кезінде қызметкерлер мен білім алушылардың іс-қимылдары туралы» сейсможаттығу өткізілді. Жаттығуға 360 оқушы, 60 мұғалім, 30 тех.қызметкерлер жұмылдырылды.

Сейсмикалық жаттығудың мақсаты:

- қажетті теориялық білімдер,практикалық іс-әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; -оқушыларға «Біз табиғаттың кішкене ғана бөлшегі» екенімізді айту,төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндеру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу;

- жер сілкінісі қауіпі төнген немесе туындаған кездегі қызметкерлердің дайындығын тексеру,дағдыларын үйрету;

Мұғалімдер, тех.қызметкерлер және оқушылар мектеп ғимаратынан- 4 минут. 40сек. уақытта қауіпсіз аймаққа шығарылды. Іс-шара барысында мектеп директоры Н.Т.Сариев және басқару штабының басшысы Л.Х.Оналбаева сөз алып, қатысушыларға Жер сілкінісі, Өрт қауіпсіздігі кезінде қызметкерлер мен білім алушылардың іс-қимылдары туралы» қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы түсіндіріп, мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.

Сейсможаттығу кезінде оқушылыларға қауіп қатер келген жоқ. Мектеп медбикесі А.Рахимова алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетіп,құтқару топтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.