Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Б.Соқпақбаев жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аяасында "Жастар нашақорлыққа қарсы"атты мектепшілік байқау өткізілді.
Мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға баулу және дені сау ұрпақтарды тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Білім алушылардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Жарыста 12 - 14 жас аралығындағы білім алушылар болды. Әр команда құрамы 5 ұл, 5 қыздан құралды.
Ережеге сәйкес, байқау IV кезеңде өткізілді:
І кезең: топтық жүріс, топ басшысы топтың атауын және ұранды топпен бірге айту;
ІІ кезең: эссе жазу кезеңі "Нашақорлық - ғасыр дерті", "Салауаттылық - саулық негізі" тақырыбында жазды
ІІІ кезең: "Таңдауымыз есірткісіз әлем" тақырыбында бейнеролик дайындап көрсетілді.
IV кезең: "Біз - жастар, спортты және салауатты өмірді таңдаймыз" атты спорттық жарыс өтті.
Спорттық және шығармашылық бағытта өткен шараға оқушылар жақсы дайындығымен келіп, бақ сынасты. Тартысты өткен сайыста қатысушылар спортқа икемділігі мен ептілігін, белсенділігі мен қызығушылығын барынша танытты. Сондай - ақ, білім деңгейі мен креативті ой-пікірлерін ерекше көрсете білді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері 10 балдық жүйемен бағалау арқылы үздіктерді анықтады.