Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде математика, физика, информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17 қараша күні «Жасанды интеллект және білім: жаңа дәуір» атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті.
Апталық барысында әртүрлі танымдық іс-шаралар, қызықты тәжірибелер, интеллектуалды ойындар мен шығармашылық жобалар қарастырылды. Бұл — әр оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттырып, заманауи технологияларды игеруіне жол ашуға мүмкіндік береді.
Апталық өте қызықты да тартысты өтуде. Әр күн өз таңғалысы мен қуанышын ала келіп, оқушылардың да, ұстаздардың да білімге деген қызығушылығын арттыра түсті. Түрлі сайыстар мен тәжірибелік жұмыстар шығармашылық пен жаңашылдыққа жетелеп, әр қатысушының қабілетін айқын көрсетуде.