Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде математика, физика, информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жасанды интеллект және білім: жаңа дәуір» атты апталық мазмұны терең, заманауи бағыттағы ашық сабақтармен жандана түсуде. Әр мұғалім өз пәнінің ерекшелігін тиімді пайдаланып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білімге деген қызығушылығын арттыра білді.
Математика пәні мұғалімі Қыдыр А.О.
5 “Ә” сыныбымен
«Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыбында сабақ өтті. Оқушылардың түсінуін арттыру үшін топтық жұмыс, қадамдық талдау әдісі және «Ойлан – Жұптас – Бөліс» тәсілі қолданылды.
Физика пәні мұғалімі Сұлтанова Н.М.
10 “Ә” сыеыбымен
«Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбында оқушылармен ғылыми талдау жүргізіліп, эксперименттік болжам жасау, проблемалық сұрақтар қою, диаграмма арқылы түсіндіру әдістері қолданылды.
Математика пәні мұғалімі Медеубеков Данияр 7”А” сыныбымен
«Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы және орта сызығы» тақырыбындағы сабақта геометриялық модельдеу, топтық зерттеу жұмысы, интерактивті тапсырмалар тәсілдері пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Мұғалімдеріміздің заманауи әдіс-тәсілдерді шебер қолдануы – оқушылардың сапалы білім алуына үлкен ықпал етті.
Білім жолындағы бірлескен еңбектеріңіз жемісті болсын!