Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы,Шардара ауданы,Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар арасында 6-10 қазан күндері аралығында мектепішілік апталық өтуде.Апталықтың тақырыбы- "Жасампаз ұрпақ-жарқын болашақ "
6 қазан күні жоспарлы түрде апталықтың ашылу салтанаты болып,мақсатын,тақырыбын әдіс бірлестік жетекшісі Н.Атабаева таныстырып өтті.Бастауыш сынып мұғалімдері түрлі ойындар ұйымдастырып,оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдай түсті
7 қазан күні 4 "Ә" сынып жетекшісі А.Кадырбаева әдебиеттік оқу пәнінен "Ана тілім - дана тілім" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта пәнаралық байланысты және жаңа технологияларды тиімді пайдалана білді.Мұғалімнің шеберлігі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті.Үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімі Н.Шырынбекова ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында "Бауырсақ" әдісімен қызықты ойындар ұйымдастырды.
1"Б" сынып жетекшісі Г.Алимбекова математика пәнінен "10 санының құрамы " тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ өте әсерлі,тартымды өтті.Оқушылар бойынан креативті ұшқыр ойларды дамыту арқылы,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.Сонымен қатар П.Әзтай 2"Ә" сынып оқушыларымен математика пәнінен"Жақшасыз өрнектер және олардың мәндерін тиімді тәсілмен есептеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып,сабақты қызықты түсіндіре білді."Мықты болсаң көктеп өт"- демекші,оқушылар алған білім нәтижесін көрсете білді.Сабақтар тиянақты техникалық құралдарды қолдану арқылы өте қызықты өткізілді.Үнемі ізденісте жүретін ұстаздарымызға еңбек теріңіз жана берсін дегіміз келеді.