Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш бірлестігінің 2025 жылдың 6.10 -10.10 күндер аралығында «Жасампаз ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында апталық өтуде. Апталықта
2 «А» сынып мұғалімі Ескараева Сулухан Еркебаевна жоспарда көрсетілгендей, қазан айының 9-ы күні жаратылыстану пәнінен «Өсімдіктер жылдың әр мезгілінде қандай өзгеріске ұшырайды?»тақырыбында ашық сабақ өтті.Түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып,топтық,жұптық ,зертханалық жұмыстар ұйымдастырды.Балаларға функционалдық сауаттылық тапсырмалары ұсынылып, «Адал азамат» бағдарламасы бойынша құндылықтар, туған өлке туралы білу туралы сөз қозғап ,жасанды интеллект қолданды.Сабаққа балалар белсене қатысты.Әр тапсырмадан соң балалар бағаланып отырды.Психологиялық ахуалға «Жабысқақты жүрекше», зертханалық жұмысқа «Жапырақтың түсі» ,кері байланысқа «Білім гүлі» әдістері қолданды.Сабақ мақсатына жетті.