Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласына қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 08.10.2025 ж күні бастауыш сынып бірлестігінің " Жасампаз ұрпақ-жарқын болашақ" атты апталығының жоспарына сәйкес 3"Ә" сынып жетекшісі А.Шайманова қазақ тілі пәнінен" Жақсы мен жаманды зерттеймін.Э дыбысы 16-19 жаттығулар"тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта К4 және STEAM модулін басшылыққа ала отырып, пәнаралық байланыс,топтық ,жұптық жұмыстарда тиімді әдістерді шебер қолдана білді.Сабақ өте жақсы дәрежеде өтті деп бағаланды.Одан әрі қарай 4 "А" сынып жетекшісі Г.Жуманазарова әдебиеттік оқу пәнінен
"Қазына иесі кім?" Ғажайып бақ ертегісі тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақты
"Жүрекшелер" әдісімен бастап,үй тапсырмасын пысықтауда "Сиқырлы есіктер"," Алдар мен бай " ойындарын қолданды.Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда "Фонарик " әдісін,жаңа тақырыпты ЖИ негізінде жасалған " Ғажайып бақ" мультфильмін көрсете отырып,күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларға адалдық,достық,еңбекқорлық сияқты адам бойындағы құнды қасиеттерді түсіндіруде топтық жұмыстар да тиімді жүргізілді.Сергіту сәтін "Математикалық кілемше" арқылы ұйымдастырып,Абай Құнанбаевтың бейнесін шығара отырып,биылғы 180 жылдық мерейтойы да сабаққа кіріктірілді.Сабақты қорытындылауда ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып,"Ханталапай " ойынымен ұштастырды.Сабаққа кері байланыс " Ұлттық сандықшалар" әдісі арқылы алынды. Ұстаздарымызға зор денсаулық тілей отырып,қажымас-қайрат,шығармашылық табыстар тілейміз.