Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектебіміздегі “Жаратылыс сыры - ғылымда“ атты химия - биология апталығының жоспарына сай биология пәні мұғалімі Митанова Мадина “Митоз. Митоз фазалары” тақырыбында ашық сабақ өтті. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында, “Шаңырақ” әдісі арқылы топқа бөліп жұмыс жүргізді. Жаңа тақырыпты игерту барысында жасалған практикалық жұмыстың ұтымды сәттері көп болды. Сабақ барысындағы “Вордболл”, “Ғажайып банка”, “Будилник” әдістерінің де білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырғаны көрініп тұрды.Биология пәні мұғалімі Аманкулова Зулфия өткен "Өсімдіктердің қозғалысы" тақырыбындағы ашық сабақ өте қызықты әрі білімді тереңдетуге бағытталған сабақ болды. "Шаңырақ”, "Жедел хат”, “Гүлдің ашылуы”, "Кім жүйрік“, “Алтын сандық” әдістері өсімдіктердің тіршілік әрекеттерін, олардың қоршаған ортаға бейімделу жолдарын түсінуге жақсы мүмкіндік берді.Сабақтың құрылымы мен әдіс - тәсілдері қызықты болуы білім алушылардың сабаққа белсене қатысуына әсер еткендігімен жоғары бағаланды.