Құрметті әріптестер, сіздерге 2025 жылдың қаңтар айының 20 - 24 күндері аралығында “Жаратылыс сыры - ғылымда” тақырыбында химия мен биология пәні бірлестігінің апталығы басталғанын хабарлаймыз! Бірлестік мүшелері, 20 қаңтар күні апталықтың салтанатты түрде ашылуында ұстаздар мен білім алушыларға сәттілік тіледі. Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру, тәжірибелік жұмыстар мен жобалар арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бұл апталық - ғылымның сырлы әлеміне бойлап, табиғаттың таңғажайып құпияларын ашуға арналған ерекше мүмкіндік. Апталық аясында химия мен биология саласындағы қызықты тәжірибелер, танымдық дәрістер, викториналар мен шығармашылық жобалар ұсынылады. Ғылымға деген қызығушылығыңызды арттырып, өзіңізді жаңа қырынан танытуға шақырамыз! Келіңіздер, көріңіздер және ғылым әлеміне бірге саяхат жасайық! Баршаңызды осы ерекше шараға қатысуға шақырамыз!