Түрістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Жаратылыс сыры - ғылымда" атты химия - биолоия апталығында химия пәні мұғалімі А. Асқарова "Сұйытылған қышқылдың металдармен әрекеттесуі" тақырыбында 7 “Б” сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу реакцияларының негізін түсінді және химиялық реакцияларды тәжірибе арқылы көрсетіп, теорияны іс жүзінде меңгерді. Сонай - ақ, биология пәні мұғалімі Исмайлова Айнұр "Тірек қимыл жүйесі" тақырыбында 8 “Ә” сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушыларға тірек қимыл жүйесінің құрылымы, қызметі мен маңызы туралы түсінік берілді. Оқушылар сүйек, буын, бұлшықет жүйелерінің арасындағы байланысты зерттеп, дененің қозғалу механизмін тереңірек ұғынды. Практикалық бөлімінде: Оқушылардың тірек қимыл жүйесінің бөліктерін атауы, олардың қызметін түсінуіне арналған эксперимент жасап газды сусындардың адам ағзасына зиянын түсінді. Сабақтар жоғары деңейде өтті.