Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң- денсаулығыңды сақтайсың*
Түркістан облысы Шардара ауданына қарасты
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде
Шардара аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 06 қаңтардағы
№7 санды хатына сәйкес «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбындағы бейнеролик оқушыларға көрсетілді.
Аталған бейнероликтің негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Іс-шара барысында оқушылар жапсырмаларда көрсетілген қысқа әрі нақты ескертулердің маңыздылығымен танысты. Бейнероликті тамашалау арқылы олар күнделікті өмірде қарапайым қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтау денсаулықты қорғауда үлкен рөл атқаратынын түсінді.
Бейнеролик көрсету жұмысына мектептің сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері белсенді қатысып, оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Іс-шара нәтижесінде оқушылар өз ойларын ортаға салып, денсаулықты сақтаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Аталған іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді және алдағы уақытта да оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында осындай жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.