Түркістан облысы, Шардара қаласы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 12 қазан күні бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Айпаршын Серікбайқызы жаратылыстану пәнінен 4 "А" сыныбымен "Жануарлар энергияны қайдан алады?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. "Сандарды суреттеу", "Ойлан, тап", "Қоректік тізбек буыны" ойындары арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді.