Жаңа жыл мерекесі кезіндегі қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жаңа жыл мерекесі кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп инспекторы
К.Жаныкулов жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасыз жүруіне жол бермеу және пиротехникалық құралдарды қолдануға қатаң тыйым салынатыны туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Н.Ділдабек балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі және интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.