Жаңа жыл – қуаныш пен мейірім мерекесі.
"Майқала" бастауыш партия ұйымының төрайымы А. Эстемесова "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көпбалалы отбасылардың балаларына қуаныш сыйлады.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған бұл игі шара барысында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялады.
Мұндай қайырымды бастамалар – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Балалардың қуанышы – біз үшін ең үлкен бақыт!
Алдағы уақытта да осындай игі істер жалғасын таба берсін!