Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 11 сынып оқушылары арасында "Жаңа мамандықтар - қоғам дамуының кепілі " тақырыбында жаңа мамандықтар жобасымен таныстырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазіргі еңбек нарығындағы жаңа бағыттармен және болашағы зор мамандықтармен таныстыру, кәсіби бағдар беру арқылы болашақ мамандық таңдауына бағыт көрсету.
Таныстырылым барысында оқушылар цифрлық технологиялар, экологиялық бағыттар, инженерлік және креативті индустриялар салаларындағы заманауи кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандық таңдауда жеке қабілет пен қызығушылықты ескерудің маңыздылығы талқыланды.
Бұл іс-шара түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.