Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 20 қаңтар күні 9 сынып оқушыларымен биылғы жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру және оларды дұрыс мамандық таңдауға бағыттау., Шара барысында бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова мен кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекова арнайы баяндама жасап, жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Оқушыларға заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер беріліп, жұмысшы мамандықтарының артықшылықтары айтылды.,Түсіндіру жұмыстары интерактивті түрде өтті. Оқушыларға жұмысшы мамандықтары бойынша қысқаша бейнероликтер көрсетілді және сұрақ - жауап сессиясы ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар туралы сұрақ қойып, толық ақпарат алды. Сонымен қатар, әртүрлі жұмысшы мамандықтарының болашағы, еңбекке орналасу мүмкіндіктері және оқу орындары туралы пайдалы кеңестер берілді. Мұндай шаралар жастардың мамандыққа деген көзқарасын қалыптастырып, өздерінің болашақ кәсіби жолдарын дұрыс таңдауға үлкен ықпал ететіні сөзсіз.