Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биыл 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осы бастаманың аясында Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі оқушыларды еңбекке баулу және шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жұмысшы мамандықтарды дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Г.Жамалдинованың жетекшілігімен оқушылар тігін ісінің қыр сырын үйреніп, ине – жіппен жұмыс істеуді, киім пішуді, түйме қадауды, сондай ақ тігін машинасын қолдануды меңгеруде. Сонымен қатар оқушылар әр сабақ сайын өз қолымен әдемі бұйым жасап, өз еңбегінің нәтижесін көруден үлкен қуаныш алуда.Оқушылар сәнді сөмкелер, киімдер, сәндік бұйымдар тігіуді үйренуде. Үйірме жетекшісі оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруда.
Осындай жұмыстардың арқасында болашақта балалардың арасынан нағыз тігінші, сән дизайнері шығатынына сеніміміз мол. Еңбекке баулитын осындай жұмыстар оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға бағыт береді.