Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 ж 11 наурыз күні 9-11 сынып оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру және қосымша білім беру педагогтараның ұйымдастыруымен "Жұмысшы мамандықтар мен сұранысқа ие мамандықтар" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында пікірсайыс өтткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат беру, олардың болашақ кәсіп таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесу.

Пікірсайыс барысында оқушылар дәстүрлі және заманауи мамандықтардың маңыздылығын талқылап, олардың қоғамдағы орны жайында ой бөлісті. Әсіресе, дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механик, аспаз, тігінші, сантехник, слесарь сынды жұмысшы мамандықтарының қажеттілігі мен тұрақты табыс көзі ретіндегі маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім алудың артықшылықтары туралы да сөз қозғалды.

Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы пікір алмасты.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріліп, кәсіптік білім алудың мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат ұсынылды. Осындай іс-шаралар жастардың болашақ өмірлік жолын дұрыс айқындауына үлкен септігін тигізеді.