Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай-Аджман қаласында Армрестлингтен 29.04 - 03. 05. 2023ж. күндері аралығында XXI Азия чемпионатына қатысып, Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында сайысқан мектебіміздің мақташы, 9 "Ә" сынып оқушысы Сансызбай Ерасыл Ерланұлын күтіп алу сәтінен.
Жеңіс тұғырынан көрінген шәкіртімізді мектеп оқушыларымен ұстаздар қауымы үлкен мақтанышпен күтіп алу сәтінен. Мектеп директоры Еркінәлі Дүйсенбайұлы құттықтап, алдағы үлкен байрақты бәсекелерде көк туымызды көкке көтереді деп сенім білдіріп, сайыстарда сәттілік тіледі.