Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты әдістемелік кабинетінің химия және биология пәндері бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 2024-2025 оқу жылының 13-наурыз күні Б.Соқпақбаев жалпы білім беретін мектебінде “Зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізуде цифрлық платформалар мен ресурстарды қолдану” тақырыбында ашық есік күні өтті. Мақсаты: “Зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізуде цифорлық платформалар мен ресурстарды қолдану. Ашық есік күнінде Химия пәні мұғалімі А. Асқарова , Биология пәні бойынша А.Исмаилова , М.Митанова , Д.Оспанова , З.Аманкулова сабақ өткізді. Сабақтарда Зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізуде цифорлық платформалар мен ресурстарды қолданып, түрлі әдіс тәсілдер қолданылды. Ашық есік күніне АББ әдіскері Д.Надирбаева және Егізқұм мектебінің ұстазы Г.Қантемірова , мектебіміздің пән мұғалімдері қатысып, сабақ өткізген мұғалімдерге жетістіктері мен ұсыныстар жасап кері байланыс жасады.