Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш пән бірлестігінің апталығында 1"А" сыныбының жетекшісі Жуманазарова Гульнар Тожибаевна ана-тілі пәнінен " Заттың қимылын білдіретін сөздер " тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақты Барабан әдісі арқылы " Ғарыш әлеміне саяхат " ойынымен бастады. Жаңа сабақтың тақырыбын " Адасқан буындар" арқылы сандарды өсу ретімен орналастыра отырып ашып алды. Табиғат құбылыстарына байланысты суреттерді де заттардың қимылын білдіретін сөздермен байланыстыра жұмыс жүргізілді.Сабақты пысықтау барысында оқушыларды төрт топқа бөліп алып, сабақ тақырыбына сай тапсырмалар берілді.Оқушылар әрбір берілген тапсырманы қызығушылықпен жоғары деңгейде орындай отырып,меңгере білді.Оқушыларды монеталармен бағалай отырып,кері байланыс Банкомат әдісі арқылы алынды.Мұғалім сабақ барысында АКТ да қолдана отырып , сабақ құрылымының дұрыс құрылуына аса мән бергендігі көрініп тұр.

Сабаққа енген мұғалімдер заманауи әдіс-тәсілдердің орынды пайдалануы туралы айта келе,оқушылардың білім деңгейіне ризашылықтарын білдірді.

Ашық сабақты қорытындылаған оқу ісінің орынбасары Айдарова Женискүл Сатбековна жақсы деген баға берді.