Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 27.11.2023 - 01.12.2023ж. күндері аралығында, химия - биология бірлестігінің "XXl ғасыр - жаратылыстану ғасыры" атты апталығы болып өтті.Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру,ой - өрісін дамыту. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтарын ұсынды. Атап айтатын болсақ биология пәні мұғалімі Д. Оспанова 8 "А" сыныбында «Қан топтары» тақырыбында, З. Аманкулова 8 "Ә" сыныбында «Иммунитет түрлері» тақырыбында ашық сабақтарын өтсе, химия пәні мұғалімі А. Асқарова 9 "А" сыныбында «Металдарды алу» тақырыбында ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Сондай – ақ, оқушылар үшін қызықты сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ: «ЖҚТБ ғасыр індеті» тәрбие сағаты, «Биохимиялық LIFE HACK» зертханалық жұмысы, қалдық заттардан жасалған «Қолөнер бұйымдар» көрмесі және "Спорт денсаулық кепілі" атты сайыстарға оқушыларымыз асқан қызығушылықпен қатысты. Апталық барысында мұғалімдеріміз ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.