Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің апталығында 22 қараша күні
«XXI - ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Білім сайысында 9 - 10 -11 сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығып отырады.
Сайыс соңында ең мықты оқушылар анықталды. І орынды 11 “Ә” сынып оқушысы Сахи Мұхаммед, ІІ орынды 10 “А” сынып оқушысы Абитхан Ұлдана, ІІІ орынды 9 “А” сынып оқушысы Төлбасы Дамира жеңіп алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!