Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімінің «Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.11-17.11.2023ж аралығында «Волшебная сила слова» атты орыс тілі мен әдебиеті пән апталығы өткізілді.
Мақсаты: орыс тілі мен әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру; орыс халқының мәденитеімен танысу; балалардың бейнелі тілдік-тарихи ойлауын дамыту; танымдық, коммуникативтік, шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту; оқытылатын материалдарды таңдау, талдау және жалпылау оқушылардың өз бетінше әрекетін белсендіру; оқушылардың лингвистикалық білімдерін кеңейту.
Апталықтың ашылуы 13.11 күні мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен 1 қабатта ашылу салтанаты болды. Оқушылар поэзия оқыды, биледі, ән салды. Апталықтың ашылуына пән мұғалімдері 1 қабатқа безендіру жұмыстарын жүргізген еді. Орыс халқының салт-дәстүрін көрсететін көрнекіліктер: бозбала мен бойжеткен ұлттық костюмде, матрешкалар, самаурын, тоқаштар, каравай, құймақтар және т.б. қойылды. Көрнекіліктің ең негізгі бұрышы орыс халық ертегілерінің кейіпкерлері бейнеленген үйіңкі ағашының макеті болды. Ұстаздар мен оқушылар ертегі кейіпкерлерінің атын тауып сыйлықтарға ие болды.
Апталық барысында 8-10 сынып оқушылары «Ожившие страницы» о произведениях конкурсы өткізілді. Оқушылар танымал ақын- жазушылардың кітабын жарнамалап видеоролик түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап отырды.
Ал, 5-7 сынып оқушылары «Мои любимое строки» атты челлендж видеороликтерін түсірді.
14.11.23ж күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог Мамадалиева Маржан Абсеитовна 5-7 сынып оқушылар арасында «Русские народные игры» атты іс-шара өткізді. Іс-шарада оқушыларды орыс халқының ұлттық ойындарымен таныстырып, соңынан командаға бөліп жарыстырды. Жеңімпаз командаларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.
14.11.23ж күні бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Наумова Мария Алексеевна 4 «В» сыныбына «Падежные окончания имен существительных 3 склонения. Народные сказки» атты ашық сабақ өтті.
15.11.23ж күні орыс мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-шебер Цой Элла Алексеевна 8 «В» сыныбына «Типы профессий. Официально-деловой стиль» атты ашық сабақ өтті.
15.11.23ж күні бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Наумова Мария Алексеевна 3-4 сыныптар аралығында Көңілді тапқырлар клубын өткізді.
16.11.23ж күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог Муратова Зейнарап Канихановна 8 «Ә» сыныбына «Труд человека кормит» атты ашық сабақ өтті.
16.11.23ж күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог Сахадинова Гүлнұр Қабидуллақызы 5 «Ә» сыныбына «Вместе весело шагать» атты ашық сабақ өтті.
16.11.23ж күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог Мырзаева Айжамал Дуйсенбековна 6 «А» сыныбына «Оба или обе?» атты ашық сабақ өтті.
16.11.23ж орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог Айтуреева Айгерим 3-4 сынып оқушылары аралығында «В мире сказок» атты орыс халық ертегілерін сахналады.
17.11.23ж күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері педагог-шебер Цой Элла Алексеевна мен педагог-зерттеуші Казбеке Адема 8-10 сынып оқушылары арасында «Параллельные миры» Колесо истории атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойын соңында барлық конкурс қатысушыларын марапаттап салтанатты түрде апталықтың жабылуы өткізілді.