Астанада VII Абай оқуларының жеңімпазы Шардаралық ұстаз марапатталды
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «VІІ Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпазы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арынова Гүлпаршын І орынмен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Дәстүрлі байқауының басты мақсаты:
Мемлекет басшысы айқындап берген Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілендіру, сондай-ақ дала данышпанының артында қалдырған мол мұрасын насихаттау болып табылады.
Ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!!!