Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Туған жер алтын бесігім - Шардара» атты патриоттық әндерді орындау бойынша концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өтті.
Мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен - күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.