Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 18.11.2024 – 23.11.2024 ж аралығында математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің «Цифрлы әлемге -кемел біліммен» атты апталығында жоспарға сай ашық сабақтар өткізілуде.
С.Демеуова 5 ”Б” сыныбымен “ Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу және азайту ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар топтарға бөлінді. Сабақтың тиімді тұсы да осы топтарға берілген тапсырмалардың жүйелілігінде болды.
«Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушыларға топтық жұмыс берілді. Шағармашылық қабілетін дамыту мақсатында практикалық жұмыстар жасалды. Сондай - ақ, кейін деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ CLIL әдісі арқылы қорытындылады. Кері байланыс «Padlret» тақтасына оқушылар трапеция тақырыбы бойынша қандай білім алды, нені түсінбеді пікірлерін жазды.
Міне аталған «МИФ» апталығы өз мәресіне жетті. Жалпы қорыта айтқанда, апталық өз қойған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс-шараға тыңғылықты дайындалған және үлкен жауапкершілікпен өткізді. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласып, қатысты.