Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 18.11.2024 - 23.11.2024 ж аралығында математика, физика және информатика пәндер бірлестігінің апталығы басталды.
Тақырыбы : «Цифрлы әлемге - кемел біліммен»
Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
19 қараша күні А.Қыдыр 9 “А” сыныбымен “Арифметикалық прогрессияға” есептер шығару тақырыбында, 20 қараша күні Н.Сұлтанова 9 “Ә” сыныбымен “Ньютон заңдарына” есептер шығару тақырыбында, Г. Алимбекова 8 “Ә” сыныбымен “Квадрат теңдеулерді шешу”
тақырыбында, Ж.Омарова 7 ”А” сыныбымен “Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу” тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушылар "Кім жалдам?" ,"Шеңберлі есеп" және "Пазл" әдістері арқылы есеп құрастырып шығарды. Сандай - ақ, Wordwall платформасы арқылы "Домино" тапсырмаларын оқушылар қызыға орындап шықты. Сабақтар өз дәрежесінде өтілді.