Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 03.02 - 07.02.2025 ж аралығында “Тілім менің - ғасырларға аманат” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы басталды. Апталық барысында “Асығың алшысынан түссін!”, “Тұлғаны таны”, ”Бір бауырсақ - бір мақал” атты викториналық ойындар мен “Ұлы тұлғалар ұлықталатын жыл - 2025 жыл” атты биылғы жылдың елеулі мерейтойларына арналған көрме ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуын 9 - 10 сынып оқушыларының Ш.Айтматовтың шығармасына орай дайындаған сахналық биі әрлей түсті. Апталық аясында ашық сабақтармен қатар мәнерлеп оқу байқауы, сыныптан тыс тәрбиелік шаралар да өтілу жоспарланып отыр. Апталық барысында оқушылар арасында тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсат тұтылған.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.151): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46