Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Тілдер апталығы жалғасын табуда. 10 - қыркүйек күні “Ұлыларды ұлықтау - ұрпаққа аманат” тақырыбында 9 - 11 сынып оқушылары ақын - жазушылардың шығармашылығына бейнесюжет дайындады.
Мақсаты: Ұлт қайраткерлерін ұлықтау, өткенді ұмытпау. Жас буын ұлтымыздың әдебиетін, мәдениетін өрге сүйреген заңғар тұлғалардың шығармашылығынан нәр алып, өмірін үлгі ете білуі қажет. Ең бастысы, ақын - жазушыларымыздың туындыларын мерейлі жылында ғана емес, әрдайым іздеп жүріп оқу керек екенін түсіну.
Төл тарихынан алыстаған адам өз тамырынан ажырайды. Сондықтан өскелең ұрпақ үшін бұл іс - шараның айрықша мәні мен маңызы бар. Бүгін ел тарихында ерекше орын алатын алып тұлғалардың өнегелі өмірі мен еселі еңбек жолына шолу жасауда шәкірттеріміз белсенділік танытты.