Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Тілдер апталығы жалғасын табуда. Орыс сыныптары арасында арасында қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрі мен ойын түрлерінен таныстырылым жасалды.
Қымызмұрындық-бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып, оның сүті ашытылған соң, күн бойы жиналған қымызға ауыл ақсақалдары мен көршілер шақырылады. Яғни, алғашқы қымыз салтанатпен ұсынылып, көпке бұйырсын деген тілекпен беріледі. Оқушылар “Сақина салмақ” ойынын ойнап, қазақ тілінде өлеңдер, нақыл сөздер оқып, тілімізге деген құрметін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін көрме ұйымдастырылды, көрермендер оң бағасын берді.