Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін КММ-де 2025 жылдың 9 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай "Тіл-татулық тірегі" тақырыбындағы онкүндікте орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қазбек Әдема мен Зинабидинова Жарқынай POLYGLOT ойынын өтті. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту мақсатында өткен бұл іс шара жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз Отанын сүюге тәрбиелейтін тағылымды іс шаралар күн тәртібінен түспеуі керек деп есептейміз.Онкүндік аясында ағылшын, орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру, жас буынның тілге деген құрметін арттыруға бағытталған ашық сабақтар мен сабақтан тыс сайыстар,дөңгелек үстелдер жалғасын табады.